Қоғам

Мектептегі самокат видеосы шетелде түсірілген

Сурет: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде мектеп дәлізінде самокатпен жүгіріп жүрген оқушының видеосы тарады. Жазба авторлары бұл кадрларды Қазақстан мектептеріне теліп, оқушылардың тәрбиесі мен әдеп деңгейі туралы пікірлер жазып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметі жанындағы Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы видеоны түпнұсқасы бойынша тексерді. Тексеру барысында ролик көрші мемлекеттердің бірінде түсірілгені анықталды.

«Түркі тілдерінің ұқсастығына байланысты роликтегі сөздерді қазақ тілінде айтылған деп қабылдауға болады. Орталықтың тексеруі нәтижесінде видеоның көрші елде түсірілгені анықталды. Кадрда мұны көрсететін бірқатар аудиовизуалды белгілер байқалады. Сонымен қатар түпнұсқа видеоны жариялаған аккаунттың Қазақстанға қатысы жоқ екені анықталды», делінген орталық хабарламасында.

Бұған дейін eGov порталында ақау анықталып, деректердің тарап кеткені туралы ақпарат тараған еді. Алайда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген болатын.

Көп оқылғандар