Қоғам

Қазақстанда жүк тасымалы 700 млн тоннадан асты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанның көлік саласында оң өзгеріс байқалады. Биылғы алғашқы тоғыз айда 700 миллион тоннадан астам жүк тасымалданды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 1 пайызға артық. Деректерді Ұлттық статистика бюросы жариялады.

Жолаушылар тасымалы да өскен. Осы уақыт аралығында көлік қызметін шамамен 1,5 миллиард адам пайдаланған, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 пайызға көп.

Жүк айналымы бойынша ең жоғары өсім Жетісу, Қызылорда және Абай облыстарында тіркелді. Қалалар арасында Астана көш бастап тұр. Жолаушылар тасымалы бойынша айтарлықтай өсім Алматы мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ Қостанай және Алматы облыстарында байқалды.

Көп оқылғандар