Басты тақырып

Газада алты қабатты үй опырылып, 20-дан астам адам қаза тапты

Сурет: АР

Газа секторында алты қабатты тұрғын үй құлап, 20-дан астам адамның өмірі үзілді. Үйінді астында 100-ге жуық адам қалуы мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Палестиналық азаматтық қорғаныс қызметінің дерегінше, ғимарат бұрын Израиль соққыларынан зардап шеккен. Тұрғын үй тапшылығына байланысты адамдар апатты жағдайға қарамастан, ғимаратқа қоныстануға мәжбүр болған.

Қазір үйінді астында қалғандарды іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Алайда қажетті техника мен ауыр құрал-жабдықтың жетіспеуі операцияны қиындатып отыр. Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар аман қалғандарды табу үшін үйінділерді қолмен аршып жатыр.

БҰҰ мәліметінше, Газа секторындағы ғимараттардың шамамен 80 пайызы Израильдің соққылары салдарынан зақымданған немесе қираған.

Еске салайық, бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газа секторынан әскерін шығарудан бас тартқан болатын.

Көп оқылғандар