Сурет: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Камбоджа Премьер-министрі Хун Манет келіссөз қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі ел басшыларының қатысуымен үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтті. Барлығы алты құжатқа қол қойылды.
Олардың қатарында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Камбоджа Пошта және телекоммуникациялар министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум бар. Сондай-ақ цифрлық үкімет, GovTech және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салалары бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Бұдан бөлек, сауда-экономикалық ынтымақтастық, мәдениет пен өнер, туризм салалары бойынша өзара түсіністік туралы меморандумдар жасалды. Астана мен Пномпень қалалары арасында бауырластық байланыс орнату туралы меморандум да қабылданды.
Мемлекет басшысы мен Камбоджа Премьер-министрі шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізгенін атап өткен жөн.
Мазмұнға өту
