Басты тақырып

Ақордада Камбоджа премьер-министрін қарсы алу рәсімі өтті

Сурет: Ақорда

Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манетті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі болып өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Рәсім барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет өзара ресми делегация құрамын таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт бергеннен кейін Президент оркестрі екі мемлекеттің әнұрандарын орындады.

Бұған дейін Мемлекет басшысы COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік жөніндегі көшбасшылар саммитінде сөз сөйлегені еске салынады.

Көп оқылғандар