Қоғам

17 қазанда Қазақстанда қар, тұман және көктайғақ күтіледі

Сурет: Almaty.tv

17 қазанда Қазақстанның кейбір аймақтарында қар аралас жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады деп болжанып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ал батыс пен оңтүстік өңірлерде ауа райы жылы болады. Республика бойынша түнде температура -9°C-қа дейін төмендеп, күндіз +28°C-қа дейін көтеріледі.

Солтүстік және шығыс аймақтарда қар аралас жауын-шашын жауып, тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Күндізгі температура +3…+18°C аралығында болады.

Батыста өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Сондай-ақ шаңды дауыл тұруы ықтимал. Күндіз ауа +18…+28°C-қа дейін жылынады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі. Күндіз температура +12…+25°C шамасында болады. Маңғыстау облысында +28°C-қа дейін жылынуы мүмкін.

Орталық Қазақстанда күндіз ауа +10…+16°C болады. Алайда түнде температура күрт төмендеп, -9°C-қа дейін аяз болуы ықтимал.

Бұған дейін 17-19 қазан аралығында елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтілетіні хабарланған болатын.

Көп оқылғандар