Сурет: @burnleyofficial
Англия чемпионшипінің 11-турында «Бернли» өз алаңында «Вулверхэмптонға» 1:2 есебімен жол берді. Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев ойынға екінші таймда қосылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Терф Мур» стадионындағы кездесудің 20-минутында алаң иелерінің шабуылшысы Джейми Варди есепті ашты. Бұл оның «Бернли» сапындағы алғашқы голы еді.
Алайда қарсыластар 39-минутта Фернандо Лопестің голымен есепті теңестірді, ал 72-минутта Таванда Чирева «Вулверхэмптонды» алға шығарды.
Дастан Сәтпаев қосалқы құрамда бастап, 61-минутта есеп 1:1 болған кезде Якоб Бруун-Ларсеннің орнына алаңға шықты.
Осылайша, «Бернли» чемпионаттағы 11 матчта бесінші рет жеңіліп, сегіз ұпаймен 24 команданың арасында 21-орында тұр. Әзірге бұл команда ғана 11 кездесу өткізген, қалған клубтар тоғыз немесе он ойыннан өткізген.
«Вулверхэмптон» бұл жеңістен кейін 17 ұпаймен үздік алты команданың қатарына енді.
Мазмұнға өту
