Әлем

Трамп: Канада ЕО-ға қосылса, жоғары тарифтер енгізіледі

Сурет: АР

АҚШ президенті Дональд Трамп Канада Еуропалық одақтың қауымдастырылған мүшесі болса, Вашингтон Еуропамен сауданы шектеуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ақ үй басшысы сондай-ақ жоғары тарифтер енгізуі мүмкін екенін жеткізді.

«Егер олар мұны жасаса өте жоғары тарифтер енгіземін немесе Еуропамен көптеген тауар бойынша сауданы тоқтатамын», деді Дональд Трамп.

Бұған дейін Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен Канадаға Еуроодақтың алғашқы қауымдастырылған мүшесі мәртебесін беру бағытында жұмыс басталғанын мәлімдеген еді. Алайда оның шарттары, соның ішінде қауымдастырылған мүшенің ЕО институттарында дауыс беру құқығы әзірге нақтыланбаған.

Қазір АҚШ пен Канада арасында санкциялық қақтығыстар өршіп тұр. Еске сала кетейік, шілде айында АҚШ президенті Дональд Трамп Канада тауарларына қосымша 50% баж салығын енгізген болатын.

Көп оқылғандар