Басты тақырып

Словакия президенті Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

Сурет: Instagram/peter_pellegrini

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Словакия президенті Петер Пеллегринимен кездесті. Мемлекет басшысы теннисшіні US Open турниріндегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Петер Пеллегрини әлеуметтік желідегі жазбасында Елена Рыбакинаның соңғы алты жыл бойы Словакияда жаттығып, ірі халықаралық жарыстарға дайындалып жүргенін атап өтті.

Кездесу барысында Словакия президенті теннисшінің спорттағы жетістіктерін атап өтіп, оған алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.

Еске сала кетейік, Елена Рыбакина US Open финалында Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңіп, әлемнің бірінші ракеткасы атанды.

Көп оқылғандар