Сурет: istockphoto.com
Ватикан «Оскар» сыйлығының 97 жылдық тарихында тұңғыш рет марапатқа фильм ұсынбақ. Ватикан тарапынан ұсынылған «Жасыл лава» деректі фильмі «Үздік қысқаметражды деректі фильм» санатында бақ сынайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл — ел билігі қолдауымен «Оскарға» түсірілген алғашқы туынды. 39 минуттық картина осы аптада Лос-Анджелесте көрсетіледі. Фильм Дюшенн бұлшықет дистрофиясымен өмір сүріп жатқан жас италиялық Джакомо Маттивидің тағдырына арналған.
Фильм сипаттамасында Джакомо ауруына байланысты шектеулерге қарамастан тәуелсіздікке ұмтылып, өз қауымдастығы мен табиғаттан күш алатыны айтылады. Оқиға желісі әсем табиғатымен танымал Доломит Альпілерінде өрбиді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Гонконгте Дюшенн бұлшықет дистрофиясымен күресіп жүрген 17 жастағы Чэнь Цзы-кин өзінің ЖИ егізін жасап шығарған болатын.
