Сурет: ашық дереккөз
2027 жылы Ораза айт 9 наурызға, ал айттың бірінші күні 16 мамырға сәйкес келеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2027 жылға арналған діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жарияланған күнтізбе бойынша, 2027 жылы Рамазан айы 8 ақпанда басталып, 8 наурызда аяқталады. Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.
Құрбан айт мерекесі 16-18 мамыр аралығында аталып өтеді.
ҚМДБ мәліметінше, хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректері негізінде есептелген. Алайда діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты бір күнге өзгеруі мүмкін.
Мазмұнға өту
