Жайық news

БҚО-да үздік полиция көмекшілері анықталды

Сурет: Жайық Пресс

Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінде құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын полицияның қоғамдық көмекшілері арасында «Қалалық және ауылдық жерлердегі үздік полиция қоғамдық көмекшісі» байқауы өткізілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Байқаудың мақсаты — қоғамдық көмекшілерді ынталандыру, олардың құқық бұзушылықтардың алдын алудағы белсенділігін арттыру және оң тәжірибені насихаттау. 7–15 қыркүйек аралығында қатысушылардың профилактикалық іс-шараларға, рейдтер мен акцияларға қатысуы, халықпен кездесулері, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі, сондай-ақ полиция қызметкерлеріне көмек көрсетуі бағаланды.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар былайша бөлінді:

Қалалық жердегі үздік полиция қоғамдық көмекшісі:

Ауылдық жердегі үздік полиция қоғамдық көмекшісі:

1 орын — Ақжайық ауданының полиция қоғамдық көмекшісі Ерболат Есбулсинов;

2 орын — Тасқала ауданының полиция қоғамдық көмекшісі Дәурен Сапаков;

3 орын — Қазталов ауданының полиция қоғамдық көмекшісі Жасталап Шеркешбаев.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қорғау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарында белсенділік танытты. Полицияның қоғамдық көмекшілері полиция мен халық арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады.

Көп оқылғандар