Әлем

Қытайда роботтарды роботтар жасайтын зауыт ашылды

Сурет: UBTECH Robotics

Қытайдың UBTECH Robotics компаниясы гуманоид роботтарды жасауға роботтардың өзін жұмылдыратын өндіріс орнын іске қосты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпорын Лючжоу қаласында орналасқан. Зауыттың жылдық қуаты 10 мыңға дейінгі гуманоид робот шығаруға жетеді. Өндіріс ырғағына қарағанда, мұнда әр он минут сайын бір робот құрастырылады.

Мұнда негізінен Walker S және Cruzr серияларындағы интеллектуалды өнеркәсіптік гуманоид роботтар өндіріледі.

Өндіріс үдерісінің басым бөлігі автоматтандырылған. Роботтар паллеттерді түсіру, материалдарды тиеу, тасымалдау және өзге де өндірістік операцияларды атқарады.

Компания мәліметінше, гуманоид роботтарды шығару саласы зертханалық прототиптер мен шағын сериялы өндіріс кезеңінен жаппай интеллектуалды өндіріске ауысып келеді.

Бұған дейін Қытай Айдың арғы бетінен алынған топырақ үлгілерін БҰҰ-ның Венадағы штаб-пәтеріне тапсырғаны хабарланған еді. Үлгілер Вена халықаралық орталығында таныстырылып, көрмеге қойылды.

Көп оқылғандар