Жайық news

БҚО АУЫР АТЛЕТТЕРІ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕКІ КҮМІС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ!

Орал қаласында ауыр атлетикадан 2012 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Еліміздің 19 командасынан 250-ге жуық жас зілтемірші қатысқан дүбірлі додада Батыс Қазақстан облысының ұлдар және қыздар құрамалары жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды!

ҰЛДАР АРАСЫНДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕР

Сүйеуғали Тілек– +70 келі салмақ дәрежесінде серпе көтеру, жұлқа көтеру және қоссайыс қорытындысы бойынша үш алтын медаль жеңіп алды.

Амангелді Парасат– 33 келіде қоссайыс қорытындысы бойынша чемпион атанып, серпе көтеруде де алтын медаль иеленді. Жұлқа көтеруде күміс жүлдеге қол жеткізді.

Мұханбетқалиев Расул– 45 келіде қоссайыста күміс медаль жеңіп алды. Серпе көтеруде де күміс жүлдеге ие болып, жұлқа көтеруде қола медаль алды.

Темірболатұлы Нұрсұлтан– 37 келіде үш жаттығудың қорытындысы бойынша күміс медаль иеленді.

Қалиұлы Айболат– 55 келіде үш жаттығудың қорытындысы бойынша қола медаль жеңіп алды.

ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕР

Таңатар Айдана– 45 келіде үш жаттығудың қорытындысы бойынша қола медаль иеленді.

Аманжолова Баянсұлу– 57 келіде қоссайыста күміс жүлдегер атанды. Серпе көтеруде күміс, жұлқа көтеруде қола медаль жеңіп алды.

Нұрлан Інжу– 69 келіде қоссайыс қорытындысы бойынша күміс медаль иеленді. Жұлқа көтеруде күміс, серпе көтеруде қола жүлдеге қол жеткізді.

ЖАЛПЫКОМАНДАЛЫҚ ЕСЕП

Батыс Қазақстан облысының ұлдар құрамасы да, қыздар құрамасы да ел чемпионатының жалпыкомандалық есебінде екінші орынға тұрақтады.

Бұл – жас спортшылардың табанды еңбегі мен жаттықтырушылардың жүйелі дайындығының нәтижесі. Жас зілтеміршілеріміздің ел чемпионатындағы жетістігі өңір спортының әлеуетін тағы бір мәрте көрсетті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, жаттықтырушыларды және спортшылардың ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!

#БҚОспорты #АуырАтлетика #ҚазақстанЧемпионаты #ЖасЗілтеміршілер

Көп оқылғандар