Сурет: istockphoto.com
Қаржы министрлігі әлеуметтік желілерде тараған Қазақстанның Қаржы министрі Мәди Такиевтің атына қатысты инвестициялық қызмет лицензиясы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік қаржы нарығындағы брокерлік, дилерлік, инвестициялық және басқа да кәсіби қызмет түрлерін лицензиялаумен айналыспайтынын мәлімдеді.
«Елімізде белгіленген заңға сәйкес инвестициялық компаниялардың, брокерлердің және қаржы нарығындағы басқа да кәсіби қатысушылардың қызметін лицензиялауды, тіркеуді және қадағалауды тек қана уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді. Қазақстанның қаржы нарығында қызмет ұсынатын кез келген ұйым заңда белгіленген тіркеу рәсімінен өтіп, қолданыстағы тәртіп бойынша тиісті рұқсат алуға міндетті», делінген министрлік хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада 18 талапкерді оқуға түсіремін деп алдап кеткен ЖОО қызметкеріне қатысты сот үкімі шыққан болатын. Сот үкімімен алаяқтық жасаған азамат 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
