Әлем

Қытай автокөлік экспорты 10 миллионға жетуі мүмкін

Сурет: ашық дереккөз

Қытайдан автомобиль экспорты биыл алғаш рет 10 миллион данадан асуы ықтимал. Бұл болжамды Қытай автомобиль өндірушілері қауымдастығы жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қауымдастық дерегінше, жылдың алғашқы тоғыз айында шетелге 8 миллионнан астам автокөлік жөнелтілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65%-ға артық.

Қытай автомобильдері Еуропа, Оңтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Таяу Шығыс нарықтарына экспортталады. Аталған аймақтарда электромобильдер мен гибридті көліктерге сұраныс жоғары.

Сала сарапшыларының пікірінше, қолжетімді баға мен заманауи технологияларды енгізу Қытай автомобиль өнеркәсібінің нарықтағы ұстанымын нығайтуға ықпал етіп отыр.

Еске салайық, 1-3 қазан аралығында Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері уақытша жабылған болатын.

Көп оқылғандар