Сурет: видеодан кадр
Астананың Байқоңыр ауданындағы Солтүстік айналма тасжолында ер адам үш метр тереңдіктегі орға құлап кетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті.
Авариялық-құтқару жұмыстары кезінде зардап шеккен адам шамамен үш метр тереңдіктегі ордан экскаватор мен зембілдің көмегімен шығарылып, 103 қызметінің мамандарына тапсырылды. Құтқару жұмыстары сәтті аяқталды.
Еске салайық, бұған дейін Атырау вокзалын жөндеу кезінде жұмысшы бес метр биіктіктен құлап кеткен еді.
Мазмұнға өту
