Сурет: istockphoto.com
Шикізат нарығында күміске сұраныс артып, бағасы бір күнде 1,13 пайызға өсті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл металдар арасындағы ең жоғары өсім. Алтын 0,27 пайызға қымбаттады, ал мыс 0,33 пайызға арзандады.
Brent маркалы мұнай бағасы 1,02 пайызға төмендеп, барреліне 103,76 доллар болды. Соңғы бір айда мұнай 13,3 пайызға, бір жылда 55 пайыздан астамға өскен. Уран бағасы фунтына шамамен 90 доллар деңгейінде сақталды.
Ауыл шаруашылығы тауарларының басым бөлігі арзандады: қант 3,06 пайызға құлдырады, бидай 0,33 пайызға төмендеді, жүгері бағасы айтарлықтай өзгерген жоқ.
Еске сала кетейік, 17 қыркүйекте Brent фьючерстері 2,92%-ға төмендеп, барреліне 105,57 долларды құрады.
