Сурет: Ватиканның баспасөз қызметі
Рим Папасы Лев XIV Римдегі Агостино Джемелли атындағы клиникадан шықты. Бұл туралы Ватиканның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Клиникадан шығар алдында понтифик медициналық мекеме басшылығына, дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне алғыс білдіріп, ғимарат алдында жиналған науқастар мен келушілермен амандасты.
Сонымен қатар ол Бердянскіден келген босқындар отбасымен – ата-анасы және 13 жастағы Варвара есімді қызымен әңгімелесті. Қыз Рим Папасының қолдауы онкологиялық аурумен күресуге көмектескенін айтты. Ол понтификке бұрынғы кездесулерінен түсірілген фотосурет пен жұмсақ ойыншық сыйлады.
Рим Папасы Варвараның әңгімесін тыңдап, оның отбасына батасын берді. Содан кейін ол Апостол сарайындағы резиденциясына оралды.
Бұған дейін Рим Папасы өкпесіне жасалатын отаға байланысты мәлімдеме жасаған еді.
Мазмұнға өту
