Сурет: ашық дереккөз
Синоптиктер болжамына сәйкес, Қазақстанның кейбір аймақтарында түнде ауа температурасы −5 °C-қа дейін төмендейді. Республиканың батысы мен оңтүстігінде күндіз +25 °C-қа дейін жылы болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Астанада ауа райы ала бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман болады. Түнде +0…+2 °C, күндіз +10…+12 °C күтіледі.
Алматыда ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде +2…+4 °C, күндіз +15…+17 °C болады.
«Тұман кезінде жолда жылдамдық режимін сақтап, көліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты ұстану керек», делінген ТЖМ хабарламасында.
Еске салайық, кеше синоптиктер 18 қазан күні елдің солтүстігі, шығысы, орталығы мен батысында ауа райы тұрақсыз болатынын ескерткен еді.
Мазмұнға өту
