Сурет: Қазақстан каратэ федерациясы
Польшаның Бельско-Бяла қаласында өткен кадеттер, жасөспірімдер және жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жасөспірімдер санатында кумите бағдарламасы бойынша 76 келіге дейінгі салмақта Сұңқар Қанибек чемпион атанды. Финалда ол шотландиялық Броди Калленді 4-0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Сұңқар Қанибек 2024 жылы осы салмақта әлем чемпионы болған Әлихан Қадырғалидың жетістігін қайталады. Ол Қызылорда каратэ мектебінің өкілі. Бұған дейін жастар арасындағы А сериясы санатындағы Фуджайра және Гвадалахарадағы бірнеше жарыста жеңімпаз атанған.
Еске салайық, Айару Қалысбек кадеттер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері болған еді.
Мазмұнға өту
