Сурет: Ұлттық Олимпиада комитеті
Жапонияның Аичи префектурасындағы Нагоя қаласында ХХ Азия ойындарының ашылу рәсіміне дейін жарыстар басталып кетті. Алғашқылардың бірі болып волейболдан әйелдер арасындағы ойындар басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан әйелдер құрамасы В тобында өнер көрсетуде. Алғашқы матчта отандастарымыз Филиппин құрамасын 3:1 (27:29, 26:24, 25:23, 25:19) есебімен жеңді. Осылайша ұлттық құрама бірден ширек финалға шықты.
Ұлттық құрама сапында Айгүл Мүлкібаева, Жанна Сыроешкина, Ирина Кузнецова, Кристина Белова, Маргарита Бельченко, Мадина Бекет, Наталья Хазова, Перизат Нұрбергенова, Полина Уфимцева, Татьяна Никитина, Татьяна Яцкив, Юлия Фоменко ел намысын қорғайды.
Бүгін Қазақстан құрамасы Қытай командасымен күш сынасады. Қытайлықтар бұған дейін Филиппин құрамасын 3:0 есебімен жеңген еді. Ал қазіргі бессайыстан Қазақстанның үш спортшысы әйелдер арасындағы финалға жолдама алды. Қазақстан намысын қорғаған Аяна Қазбекова, Юлиана Петрова және Диана Щедрова өз топтарында үздік тоғыз спортшының қатарына еніп, финалға шықты.
