Шартарап

Парижде Қазақстан киносы күндері басталды

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Франциядағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында Парижде отандық кино күндері басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

17–19 қыркүйек аралығында француз көрерменіне қазақ киносының классикалық туындылары мен заманауи фильмдері ұсынылады.

Кино күндерінің ашылуы режиссер Абдолла Қарсақбаевтың «Алты жасар Алпамыс» фильмімен өтті. Режиссердің 100 жылдығына орай туынды 4K форматында реставрацияланған нұсқада көрсетілді.

Заманауи қазақстандық кино «Qaitadan» және «Игроманка» фильмдерімен таныстырылады. Екі туынды да мемлекеттік қолдаумен түсірілген.

Бағдарламада отандық кинематографияның әр жылдары түсірілген туындыларымен қатар, жаңа буын авторларының кейінгі жылдардағы жұмыстары да бар.

Сонымен қатар қазақстандық кинематографистер француз көрерменімен шығармашылық кездесулер өткізіп, екі елдің кино саласындағы кәсіби байланыстары мен мәдени диалогты дамыту мәселелерін талқылайды.

Көп оқылғандар