Сурет: istockphoto.com
Астананың Нұра ауданындағы бір дүкенде қыздың саусағы балмұздақ жасайтын аппаратқа қысылып қалған. Оқиға туралы 112 қызметіне хабарлама түскен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына келген құтқарушылар электр құралдарының көмегімен аппараттың конструкциясын кесіп, қыздың саусағын босатты. Оған медициналық көмек қажет болмаған.
«ТЖМ қандай да бір төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне дереу хабарласуды еске салады», делінген ведомство хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Семейде 36 жасар әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалған еді.
