Қаржы

iPhone 18 Pro Қазақстанда: бағасы 1,7 млн теңгеге дейін

Сурет: Apple

Қазақстанда iPhone 18 Pro және iPhone 18 Pro Max смартфондарына алдын ала тапсырыс қабылдау басталды. Жаңа модельдерді 18 қыркүйектен бастап брондауға болады, ал ресми сатылым 25 қыркүйекте басталады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандағы бағалар жады көлеміне қарай Sulpak, Technodom және басқа да сауда алаңдарының алдын ала тапсырыс беттерінде жарияланған.

Жиналмалы iPhone Duo әзірге Қазақстанда сатылымға шықпады. Оған алдын ала тапсырыс 16 қазанда басталып, ресми сатылым 23 қазанда басталады.

АҚШ-та iPhone 18 Pro бағасы 1 199 доллардан, ал iPhone 18 Pro Max 1 299 доллардан басталады. Екі модель де 256 GB, 512 GB, 1 TB және 2 TB жады нұсқаларында қолжетімді.

Қазақстан мен АҚШ-тағы бағаларды теңгемен салыстырғанда айырмашылық бар. Apple-дің АҚШ-тағы бағалары жергілікті нарыққа арналғанын ескерген жөн. Кестеге Қазақстандағы салықтар мен жеткізу шығындары енгізілмеген.

Қазір қолжетімді ең қымбат нұсқа – 2 TB жады бар iPhone 18 Pro Max. Оның Қазақстандағы бағасы 1 769 990 теңге.

Айта кетейік, шілде айының соңында Apple нарықтық капиталдандыру көрсеткіші бойынша Nvidia-ны артта қалдырып, әлемдегі ең қымбат компания атанған болатын.

Көп оқылғандар