Әлем

Иран Ормұз бұғазында Того туы астындағы танкерге шабуыл жасады

Сурет: ашық дереккөз

Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) мәліметінше, Ормұз бұғазында Того туы астында жүзіп келе жатқан «Trend» танкеріне шабуыл жасалды. Кеме акватория арқылы заңсыз өтуге әрекет жасаған, содан кейін оған оқ атылған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Иран әскери күштерінің хабарлауынша, танкерге соққы жасалып, қозғалысы тоқтатылған. Кейін оның бортында өрт шыққан.

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Ормұз бұғазы арқылы рұқсатсыз өтуге әрекет жасайтын кез келген кеме жойылатынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Иран мен АҚШ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін бұғаз арқылы өту қайта ашылған болатын. Алайда шілде айының басында әскери қимылдардың шиеленісуіне байланысты Тегеран су жолы арқылы қозғалысты қайтадан бұғаттады.

Айта кетейік, Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи Ормұз бұғазының кеме қатынасы үшін толық жабылғанын мәлімдеген болатын.

Көп оқылғандар