Спорт

Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Сурет: ашық дереккөз

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияның Саппоро қаласында өткен Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық хоккейшілер турнирде үш матч өткізді. Алдымен олар турнир қожайындары – Жапония құрамасынан 0:4 есебімен жеңіліп, кейін Қытай командасына 1:2 есебімен жол берді.

Үшінші, шешуші кездесуде Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяны 5:1 есебімен ұтып, қола медальға ие болды.

Азия чемпионатының финалында Жапония мен Қытай құрамалары кездеседі.

Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында бес ойын өткізіп, екеуінде ғана жеңіске жеткен болатын.

Көп оқылғандар