Сурет: Polisia.kz
Астанадағы сауда-ойын-сауық орталығының біріне жарылғыш зат орнатылғаны туралы көрінеу жалған хабарлама таратты деген күдікпен кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ол 26 тамызда Сумы қаласында ұсталды. Бұл — Қазақстан ІІМ мен Украина киберполициясының бірлескен жұмысының нәтижесі.
Тінту барысында ұялы телефондар, планшет, ноутбук, жүйелік блок және банк картасы тәркіленді. Электрондық құрылғылардан пайдаланылған аккаунт, жіберілген хабарлама мәтіні және өзге де цифрлық дәлелдемелер табылды.
Қазір тәркіленген техникаға талдау жүргізіліп жатыр. Полиция күдіктінің ықтимал сыбайластарын анықтап, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді.
Бұған дейін Атырау қаласында рейске тіркелу кезінде жарылғыш зат бар деп жалған ақпарат берген ер адам ұсталған еді.
