Әлем

Кенияда Эбола жұқтырғандар саны жетіге жетті

Сурет: ivyenews.by

Кенияда Эбола вирусын жұқтырған тағы төрт адам тіркелді. Осылайша, елдегі жалпы жұқтыру жағдайларының саны жетіге жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Xinhua агенттігі мәлімдеді. Жаңадан анықталған науқастардың қатарында Эболадан қайтыс болған алғашқы адамның жақын туысы және оған ауруханада көмек көрсеткен үш медицина қызметкері бар.

Аталған ақпаратты Кения Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі бас директоры Патрик Амоттың мәлімдемесі растайды.

Қазіргі уақытта елде аурудың халық арасында таралуына жол бермеу шаралары күшейтілуде.

Еске салайық, Конгода Эбола жұқтырғандар саны 8,6 мыңнан асқан.

Көп оқылғандар