Сурет: Ұлттық Олимпиада комитеті
Жапонияның Аити префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында волейболдан әйелдер арасындағы топтық кезең аяқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан әйелдер құрамасы В тобындағы екінші ойынын үш дүркін Олимпиада чемпионы Қытай құрамасымен өткізді. Кездесу 0:3 (18:25, 6:25, 14:25) есебімен қарсыластардың пайдасына шешілді.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы Филиппин командасын жеңіп, ширек финалға жолдама алған болатын. Қытаймен матч топтағы бірінші орын иегерін анықтады.
Ширек финалдық ойындар 20 қыркүйекте болады.
