Сурет: Report
Батыс Аустралиядағы Сорренто жағажайында жүзіп жүрген ер адам акуланың шабуылынан қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 10:30 шамасында тіркелген. Хабар түскен соң жағалауға жедел қызмет өкілдері аттанды.
«Жағалау маңында жүзіп жүрген ер адамды акула тістеп алғаны туралы хабарлама түсті», делінген жергілікті полицияның мәлімдемесінде.
Билік өкілдері әуе және теңіз күштерін жұмылдырып, ауқымды іздеу-құтқару операциясын бастады. Алайда ер адам шабуыл салдарынан көз жұмды.
Бұған дейін Флорида жағалауында дайвингпен айналысқан 40 жастағы америкалық ер адам акуланың шабуылынан ауыр жарақат алған.
