Әлем

Канададағы Уэйнрайт әскери базасындағы өрттен жеті адам қаза тапты

Сурет: report.az

Канаданың Альберта провинциясында орналасқан Уэйнрайт әскери базасында болған жарылыс пен өрт салдарынан кемінде жеті адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Global News телеарнасының мәліметінше, оқиға атыс жаттығулары кезінде орын алған. Алдын ала деректер бойынша, жаттығу барысында база аумағындағы газ құбыры зақымданып, жарылыс болған, кейін өрт шыққан. Альберта провинциясында соққан екпінді жел жалынның тез таралуына ықпал еткен.

Бұл туралы Канаданың премьер-министрі Марк Карни X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

«Альберта провинциясындағы Канаданың Уэйнрайт Қарулы күштері базасында ірі өртке себеп болған ауыр оқиға болды», деп жазды ол.

Көп оқылғандар