Сурет: ашық дереккөзден
Астанада сүт безі обырына шалдыққан әйелдерді қолдау мақсатында Pink Run атты ерекше марафон ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл ауқымды қайырымдылық шараға 550-ден астам адам қатысты. Олар 1,3 және 3,9 шақырымдық қашықтықтарды жүгіріп өтті.
Жүгірушілер арасында қауіпті дертті жеңіп шыққан әйелдер де болды. Алғашқы тіркелген 50 әйелге сүт бездерінің скринингтік тексеруінен тегін өту мүмкіндігі беріледі.
Мазмұнға өту
