Сурет: ТСМ
Самарқандта өтіп жатқан 46-шы Шахмат Олимпиадасының үшінші турында Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны ұтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Рейтингте 25-орында тұрған Словениямен кездесуде Бибісара Асаубаева қарсыласымен ұпай бөліссе, қалған үш шахматшымыз жеңіске жетті. Елназ Қалиахмет Надиа Шпанконы, Зарина Нұрғалиева Анжа Беберді ұтты.
Ерлер құрамасы ТОП-10-ға кіретін Францияға 0,5:3,5 есебімен жол берді. Бірінші тақтада Денис Махнёв 2021 жылғы блицтен әлем чемпионы Максим Вашье-Лагравпен тең түсті. Бұған дейін жігіттеріміз Гаити мен Нигерияны жеңген болатын.
