Шартарап

Парижде қазақ киносының күндері өтіп жатыр

Сурет: Egemen Qazaqstan

Франция астанасында Қазақстан мәдениеті күндері аясында отандық фильмдер көрсетілімі басталды. Үш күн бойы француз көрермендеріне қазақ киносының классикалық және заманауи туындылары ұсынылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кино күндері атақты режиссер Абдолла Қарсақбаевтың «Алты жасар Алпамыс» фильмімен ашылды. Режиссердің 100 жылдығына орай туындының 4K форматында қалпына келтірілген нұсқасы көрсетілді.

Сонымен қатар кейінірек түсірілген «Qaitadan» және «Игроманка» фильмдері де таныстырылды. Екі фильм де Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жарық көрген. Айта кетейік, «Qaitadan» 2025 жылы 1 млрд теңгеден астам кассалық түсім жинаған.

Француз көрермендері Қазақстан мәдениеті күндері аясында отандық кинематографияның әр жылдары түсірілген туындыларын тамашалай алады. Бағдарламада қазақ киносының классикалық мұраларымен қатар, жаңа буын авторларының соңғы жылдардағы жұмыстары да бар.

Сондай-ақ іс-шара барысында қазақ кинематографистері француз көрермендерімен шығармашылық кездесулер өткізіп, екі ел арасындағы кино саласындағы кәсіби байланыстар мен мәдени диалогті дамыту мәселелерін талқылайды.

Көп оқылғандар