Спорт

Қазақстан семсерлесушілері әлем Кубогының финалына шықты

Сурет: ТСМ

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Касабланкада (Марокко) өтіп жатқан әлем Кубогының финалында бақ сынайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Отандық спортшылар ақтық сайысқа дейін төрт қарсыласын жеңіп, жоғары нәтиже көрсетті. Жартылай финалда Франция командасын 45:39 есебімен ұтты.

Енді ел құрамасы әлем Кубогының алтыны үшін Ресеймен кездеседі. Жарысқа 49 мемлекеттен 600-ден астам атлет қатысуда.

Қазақстан сапынан Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов және Кирилл Павлов өнер көрсетті.

Көп оқылғандар