Спорт

Нұртаң Ыдырысов гимнастикадан әлем чемпионатының көпсайыс финалына шықты

Сурет: ТСМ

Спорттық гимнастикадан ұлттық құрама мүшесі Нұртаң Ыдырысов Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде жекелей көпсайыс финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Іріктеу сатысында ол 79.665 ұпай жинап, 17-орынды иеленді.

Ерлер арасындағы жекелей көпсайыстың шешуші бөлігі 22 қазанда өтеді. Финалда 27 гимнаст бақ сынайды, әр елден ең көбі екі спортшы қатыса алады.

Аталған жарыста Нариман Курбанов та әлем чемпионатының финалына жолдама алғанын айта кеткен жөн.

Көп оқылғандар