Спорт

Қазақстан семсерлесушілері Мароккодағы Әлем кубогында алтын алды

Сурет: ТСМ

Семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Касабланкада (Марокко) өткен Әлем кубогының командалық сайысында чемпион атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Финалда отандастарымыз Ресей құрамасынан 45:40 есебімен басым түсті.

Жарыс барысында Қазақстан командасы бес кездесуде жеңіске жетті. 1/16 финалда Түркияны 45:20 есебімен ұтса, 1/8 финалда Гонконгты 45:28 есебімен жеңді. Ширек финалда Мысыр спортшылары 45:40 есебімен тізе бүктірілді, ал жартылай финалда Францияны 45:39 есебімен ұтты.

Қазақстан намысын Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов және Кирилл Павлов қорғады.

Көп оқылғандар