Әлем

Тель-Авивтен Венаға ұшқан ұшақ Болгарияға шұғыл қонды

Сурет: Depositphotos.com

Тель-Авивтен Венаға бағыт алған Austrian Airlines компаниясының Airbus A320 ұшағы бомба туралы ескертуден кейін Болгарияға шұғыл қонды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Haaretz басылымының мәліметінше, әуе компаниясына бортта болмаған Австрия азаматы қауіп туралы хабарлаған. Осыдан кейін ұшқыш жолаушыларды түсіру және ұшақты тексеру үшін Софияға шұғыл қонуға шешім қабылдады.

Austrian Airlines борттағы жолаушыларға қауіп төнуі мүмкін екендігі туралы хабарға байланысты ұшақтың Болгарияға шұғыл қонуға мәжбүр болғанын растады.

Ұшақ еш кедергісіз сәтті қонды. Бортта 51 жолаушы және 6 экипаж мүшесі болған. Мамандар әуе кемесін тексеруге кірісті.

Барлық жолаушы межелі елге басқа рейстермен жеткізіледі.

Бұған дейін Нигерияның оңтүстік-батысындағы Ондо штатында әскери ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан борттағы 32 адам көз жұмғаны туралы хабарланған еді.

Көп оқылғандар