Сурет: ашық дереккөз
«Қазгидромет» синоптиктері 19 қазанда Ақтөбе, Алматы және түнде Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін хабарлады, деп жазады Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мұндай жағдайларда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфераның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың жиынтығы: тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман және инверсия.
Бүгін 17 облыс пен Астана қаласында ауа райына қатысты ескерту жарияланды.
Мазмұнға өту
