Спорт

Жапонияда жазғы Азия ойындарының алауы тұтанады

Сурет: Қазспорт

Бүгін Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында жазғы Азия ойындарының ресми ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Азия құрлығындағы ең ауқымды спорттық додалардың бірі саналатын бұл ойындардың ашылу салтанаты бүгін сағат 13:55-те басталып, Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Жарысқа Азия елдерінің үздік спортшылары қатысып, спорттың бірнеше түрінен бақ сынайды. Қазақстан құрамасы да ел намысын қорғап, жүлделі орындар үшін сынға түседі.

Қазақстандық спортшыларға қолдау көрсетіп, Азия ойындарының тартысты сәттерін бірге тамашалайық!

Көп оқылғандар