Қаржы

«Ұлттық қор – балаларға»: 365 553 адам төлем алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі аралықта «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша 365 553 адам нысаналы жинақтарын иеленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы төлем көлемі шамамен 76,11 млн долларды құрады. Ал 2026 жылдың басынан бері 170 156 адамға 44,84 млн доллар көлемінде қаражат берілді.

Аталған соманың басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсалды: 119 279 адам 31 млн доллардан астам қаражатты осы мақсатқа бағыттады. Тағы 50 877 адам 13,83 млн долларды білім алуға ақы төлеуге пайдаланды.

Бағдарлама шартына сәйкес, қатысушы берілген қаражатты толық немесе ішінара жұмсай алады. Пайдаланылмаған сома 10 жыл бойы нысаналы жинақтау шотында сақталады. Осы мерзім аяқталған соң шоттағы қалдық алушының жеке зейнетақы шотына аударылып, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға жұмсалады.

Көп оқылғандар