Спорт

Тұрсынай Қабыл V Азия Пара ойындарында күміс жүлде алды

Сурет: Parateamkz

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында пара пауэрлифтингтен Қазақстан құрамасының мүшесі Тұрсынай Қабыл күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен спортшы үш мүмкіндігінде де снарядты сәтті көтерді: алдымен 100 келі, сосын 102 келі, соңында 104 келіні бағындырып, екінші орынды иеленді.

Осы салмақта Қытай спортшысы Цуй Чжэ 115 келі нәтижемен алтынға қол жеткізсе, Индонезия өкілі Ни Ненгах Видиасих 97 келімен қола жүлдегер атанды.

Бұған дейін 18-24 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында V Азия Пара ойындары өтетіні хабарланған еді.

Көп оқылғандар