Сурет: @parateamkz, телеграм
Айчи-Нагояда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Еркін Ғаббасов пневматикалық винтовкадан 10 метр қашықтыққа нысана көздеуден R1 дисциплинасында 249.1 ұпаймен чемпион болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар ол жарыс рекордын жаңартып, Лос-Анджелес-2028 Паралимпиада ойындарына жолдама алды. Бұған дейін Ғаббасов Паралимпиада ойындарында пара оқ атудан күміс медаль жеңіп алған болатын.
Сала министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы хабарлағандай, күмісті Корея спортшысы Парк Джинхо (248 ұпай), қоланы Ли Джанхо (226 ұпай) иеленді.
Айта кетейік, V Азия Пара ойындарында пара пауэрлифтингтен Қазақстан құрамасының спортшысы Тұрсынай Қабыл күміс медаль алды.
Мазмұнға өту
