Басты тақырып

Президент 28 қазанда халыққа Жолдауын жариялайды

Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні түске дейін Қазақстан халқына Жолдауын жариялайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Президент өзінің X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Қазір ол маңызды құжаттың мәтінімен жұмыс істеп жатыр.

«28 қазанда түске дейін жылдағы дәстүрге сай Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын. Қазір осы маңызды құжаттың мәтінімен жұмыс істеп жатырмын», – деп жазды Мемлекет басшысы.

Көп оқылғандар