Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстанның батысында салынып жатқан полиэтилен зауытында жобадағы ең үлкен технологиялық колонна монтаждалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Биіктігі 101 метр, салмағы 1,5 мың тонна болатын колоннаны «АтырауНефтеМаш» зауыты өндірген. Оны орнату жұмыстары шамамен 5 сағатқа созылды.
Бұл кәсіпорын — Ресей мен Қытай қатысатын маңызды газ-химия жобаларының бірі. Зауыт жылына 1,25 млн тонна полиэтилен шығарады деп жоспарланып, 2029 жылы іске қосылуы тиіс.
Жоба толық қуатқа шыққанда, зауыт Орталық Азиядағы ең ірі полиэтилен өндірушілердің біріне айналады.
