Қоғам

Қазақстанда 21 қазанда ауа райы суытып, жел күшейеді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлерінде ауа температурасы күрт төмендейді. Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, кейбір аймақтарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Астанада ауа райы құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады. Жел секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 15–20 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 0…+2°C, күндіз +6…+8°C болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 3–8 метр, екпіні 13 метрге дейін. Түнде +4…+6°C, күндіз +15…+17°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Жел секундына 5–10 метр. Түнде +5…+7°C, күндіз +18…+20°C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 7–12 метр. Түнде +13…+15°C, күндіз +23…+25°C.

Ақтөбеде күн ашық, жауын-шашынсыз. Жел секундына 5–10 метр. Түнде -2…-4°C, күндіз +12…+14°C.

Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Жел секундына 2–7 метр. Түнде +4…+6°C, күндіз +18…+20°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 9–14 метр. Түнде 0…+2°C, күндіз +12…+14°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге дейін. Түнде -1…-3°C, күндіз +5…+7°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады. Жел секундына 15–20 метр, екпіні 23 метрге дейін. Түнде +1…+3°C, күндіз +6…+8°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге дейін. Түнде +3…+5°C, күндіз +14…+16°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге дейін. Түнде +1…+3°C, күндіз +10…+12°C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Жел секундына 9–14 метр. Түнде +1…+3°C, күндіз +15…+17°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жаңбыр аралас қар жауады. Жел секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде 0…+2°C, күндіз +4…+6°C.

Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр жауады. Жел секундына 15–20 метр, екпіні 23–28 метрге дейін. Түнде +2…+4°C, күндіз +6…+8°C.

Семейде құбылмалы бұлтты, жаңбыр аралас қар жауады. Жел секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге, кейде 25 метрге дейін күшеюі мүмкін. Түнде 0…+2°C, күндіз +3…+5°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 5–10 метр, екпіні 14 метрге дейін. Түнде 0…+2°C, күндіз +8…+10°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Жел секундына 9–14 метр. Түнде +2…+4°C, күндіз +14…+16°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 8–13 метр. Түнде +4…+6°C, күндіз +17…+19°C.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Жел секундына 5–10 метр. Түнде -1…-3°C, күндіз +12…+14°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жаңбыр аралас қар жауады. Жел секундына 7–12 метр, екпіні 15–20 метрге, кейде 25 метрге дейін күшеюі мүмкін. Түнде 0…+2°C, күндіз +2…+4°C.

Көп оқылғандар