Сурет: Egemen Qazaqstan
«NURORDA» мектеп-лицейінің оқушылары Мерген Сабыров пен Ибрахим Куспаев Ахмад әл-Ферғани атындағы халықаралық физика олимпиадасында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Биыл екінші рет ұйымдастырылған білім бәсекесі Өзбекстанның Самарқанд қаласында 10–17 қазан аралығында өтті. Оған әлемнің 20 елінен 250 оқушы қатысты.
15–18 жас аралығындағы қатысушылар теориялық және эксперименттік екі кезеңде сынға түсті. Теориялық кезеңде күрделі есептерді шешу, заңдылықтарды талдау және логикалық қорытынды жасау қабілеті бағаланды. Эксперименттік кезеңде оқушылар тәжірибе жүргізіп, өлшеу нәтижелерін саралап, қорытынды шығаруы қажет болды.
Ахмад әл-Ферғани атындағы халықаралық олимпиада жасөспірімдердің физикаға қызығушылығын арттырып, дарынды оқушыларды халықаралық деңгейде танытуға бағытталған. Екі күміс медаль – ел оқушыларының халықаралық білім додаларындағы табысты нәтижелерінің бірі.
Мазмұнға өту
