Сурет: istockphoto.com
Астана әуежайында жолаушыларды жасанды интеллект арқылы биометриялық сәйкестендіруге арналған пилоттық жобаны бастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Көлік министрлігі дайындаған құжат жобасында бет-әлпетті тану технологиясын пайдалану арқылы қауіпсіздікті күшейту және терминалда қызмет көрсету сапасын жақсарту қарастырылған. Жаңа технология ұшу алдындағы тексеру уақытын қысқартып, әуежайдағы кезекті азайтуға бағытталған.
Жоба шеңберінде тексеру кезеңдерін автоматтандыру жоспарланып отыр. Бұл жолаушыларға ұшар алдындағы бақылау рәсімдерінен тезірек өтуге мүмкіндік береді.
Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылды. Талқылау 2026 жылғы 4 қарашаға дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, елімізде бір мезетте Зайсан, Қатонқарағай мен Кендірлі қалаларында әуежай салынып жатыр.
Мазмұнға өту
