Спорт

«Челси» өз алаңында «Лидстен» 1:4 есебімен жеңілді

Сурет: livesport.ru

Англия Премьер-лигасының 11-турында лондондық «Челси» өз алаңында «Лидс Юнайтедті» қабылдап, 1:4 есебімен жеңіліс тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

24-минутта Эмануэль Эмега Морган Роджерстің пасымен «Челсиді» алға шығарды. Алайда үш минуттан кейін Ноа Окафор Доминик Калверт-Льюиннің көмегімен есепті теңестірді – 1:1.

Екінші таймда қонақтар басымдық танытты. 53-минутта Калверт-Льюин «Лидсті» алға шығарды. Бес минуттан соң Окафор дубль жасады. 91-минутта Брэндон Ааронсон матчтың соңғы голын соқты.

Осы жеңістен кейін «Лидс» 17 ұпаймен үздік алтылыққа енді. 16 ұпайы бар «Челси» сегізінші орынға түсті.

Келесі турда «Челси» «Ноттингем Форестпен» кездеседі. Матч 28 қарашада сағат 01:00-де басталады.

Бұған дейін Дастан Сәтпаевтың жарақатына байланысты «Челсиге» қайта оралғаны туралы жазған болатынбыз.

Еске салайық, 2026 жылдың жазында 18 жасқа толған соң Дастан Сәтпаев «Қайраттан» «Челсиге» ресми түрде ауысты. Тамыз айында ол «Челсиден» «Бернлиге» бір маусымға жалға берілді. Жуырда Фабио Челестини «Бернлидің» бас бапкері болып тағайындалып, бельгиялық маман Ники Хайеннің орнын басты.

Көп оқылғандар